Мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық іс-шаралар қарастырылатын болады деп хабарлайды ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі баспасөз орталығы.
Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, ал музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынып отыр. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізу бойынша ұсыныс берілді.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.
Мектеп асханаларының жұмысы жергілікті әкімдіктердің шешімі әрі бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылады.
Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі.