Түркістан облысында карантиндік режимге байланысты полицейлер егде жастағы тұрғындардың өз мерзімінде құжаттануын қадағалап, тексеру жұмыстарын жүргізуде . Осындай бір тексеріс кезінде Созақ ауданының полицейлері 1937 жылы дүниеге келген Мағрипа Мұстафаеваның құжаттарының жарамдылық мерзімі өткендігін анықтады. Содан соң Созақ көші-қон қызметкерлері осы мәселе аясында басқада заңды мекелермен дереу байланысып, жарамдылығы өткен құжаттарды қайта рәсімдеп, тез арада қалпына келтірді. Осыған орай Созақ АПБ қызметкерлері мен көші қон қызметі тобының инспекторы Назым Мадимова Шолаққорған ауылындағы аталған зейнеткердің мекен-жайына арнайы барып, қайта рәсімделген құжаттарды өз иесіне табыстады. Өз кезегінде 84 жастағы қария осындай игілікті іске қуанышын білдіріп, Созақ ауданының полиция бөліміне алғысын айтты.Сонымен қатар 5 бала тәрбиелеп, 22 немере,15 шөбере сүйіп отырған ақ жаулықты әжей арнайылап келген қызметкерлерге ақ батасын берді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі