Түркістан облысының полицейлері тәулік бойы қызметте

Түркістан облысы аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау, құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 5 қаңтардағы Жарлығымен 2022 жылдың 5 қаңтар сағат 22:00-ден 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 00:00-ге дейінгі кезең аралығында төтенше жағдай енгізілді. Осыған орай, Жетісай АПБ-нің қызметкерлерімен аудан аумағында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін күнделікті түнгі 23:00-ден кейін азаматтар мен көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер қойылды. Сонымен қатар Жетісай ауданына кіреберіс Сырабад ауылы тұсына қойылған арнайы блок бекетте көлік құралдарының Жетісай ауданына кіріп-шығуы қатаң түрде қадағалануда.Мәселен 2022 жылдың 05-13 қаңтар аралығында Жетісай ауданында төтенше жағдай тәртібін бұзған 63 азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Осы тұста Жетісай ауданының полиция бөлімі елімізде енгізілген төтенше жағдайға түсіністікпен қарап, шектеулерді ұстанып, түнгі 23:00-ден кейін өз үйлеріңізде болуларыңызды сұрайды.

ТО ПД баспасөз қызметі