Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы М.Есалиев ашып, жүргізіп отырды. Отырысқа Аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, Қоғамдық кеңес мүшелері, есеп беретін бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
1. «Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министірлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті» Түркістан облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің KZ64RYS0042621 санды өтініш хатын талқылау.
2. Сайрам ауданы халыққа қызмет көрсету орталығының атқарылған жұмысы туралы және алдағы міндеттері туралы есебі.
3. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің атқарылған жұмысы туралы есебі.
4. Қазақстан республикасы Жер кодексінің 43-1 бабы 2 тармағына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелеріне келісім беру туралы.
5. «Сайрам аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы №59-364/VI «Сайрам ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Сайрам аудандық мәслихатының шешім жобасына қорытынды беру туралы.
6. Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мекемесі оған Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақсу спорт клубы» коммуналдық мекемесін біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы қаулы жобасы әзірленуде, осы мәселе бойынша ұсыныс беру туралы.
7. ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес «Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулы жобасына қорытынды беру туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев ақпарат берді, екінші мәселе бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Аліби Нышанбаевқа сөз берілді, үшінші мәселе бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Алтынбек Айдар, төртінші мәселе бойынша Сайрам аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысының орынбасары Рамазан Әжібеков, бесінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Н.Әбілдаев, алтыншы мәселе бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаев және жетінші мәселе бойынша Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Сарыбеков таныстырды.
Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.