Сайрам ауданында полицей қыз-келіншектер марапатталды

Сайрам ауданында мерекеге орай қызметтік міндеттерін абыройлы атқарып, кәсіби шеберлік танытқан, адал еңбектерімен сапалы жұмыс нәтижесін көрсеткен бірқатар шенді аруларды марапаттау рәсімі өтті. Яғни Полиция басқармасында қызмет ететін 20 қыз-келіншекке «Алғыс хат» табысталып, сый-сияпат жасалды.

Полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев, шенді аруларды көктемнің мейірлі де жарқын мерекесімен құттықтады.

Түркістан облысы ПД, аудан әкімдігі атынан марапаттау алған арулар қатарында учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ж.Иманкулова, жетекші маман Ұ.Садырханова, учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Г.Құрбанова мен полиция майоры К.Сулейменова бар. Ал Сайрам АПБ бастығының бұйрығымен 20 қызметкерге алғыс жарияланды.Марапаттау рәсімі естелікке суретке түсу рәсіміне жалғасты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі