Сайрам ауданының мәдениет үйінде аудандық полиция басқармасының ұйымдастыруымен әкімдік, прокуратура, білім беру мекемелері мен «Жастар ресурстық орталығының» қатысуымен форум өткізілді. Аталған форумға аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев, аудан прокуроры Д.Тлемисов, адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Г.Тынымбаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ, ардагерлер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауданның бас имамы, ақсақалдар, депутаттар, белсенді жастар, мектеп оқушылары, желі белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Форумды аудан әкімінің орынбасары А.Өсербаев ашып, жиынның мәнін түсіндіре отырып, жастар болашағымыздың алтын діңгегі екендігін атап өтті. Сонымен қатар жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан іс-шараларға және нәтижесіне тоқталды. Өз кезегінде аудан прокуроры Д.Тлемисов сөз алып, жастарды жауапты, тәртіпті, елін сүйетін азамат болуға шақырды. Ауданның бас полицейі Б.Зиятаев аудан аумағында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жастарды жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары А.Сейтбеков өз баяндамасында жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа сараптама жасап, оның алдын алу шаралары мен нәтижелерін тілге тиек етті.
Полиция басқармасының бастығы Б.Зиятаев форумға белсене қатысқан ауданның бір топ мектеп мұғалімдерін алғыс хатпен марапаттады. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Форум қонақтары өнерлі мәдениет үйінің концерттік қойылымын тамашалап естелікке суретке түсті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі