Сайрам ауданында «Қазақ радиосы» хабар таратуда

Қазақ радиосы

Қазақ радиосы еліміздегі ежелгі ақпарат құралдарының бірі ретінде өзіне жүктелген міндетті, оның ішінде қоғамды ақпараттандыру және ағартушылық қызметін толықтай орындап келеді. Осы орайда Сайрам ауданының орталығы мен ауданға қарасты барлық ауылдардағы қоғамдық орындарда, орталық көшелерде, мәдениет ошақтарында «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосы хабар таратуда.

Аудан басшысы Арман Сабитовтың бастамасымен жүзеге асқан қазақтың үнжариясын тұрғындар күнделікті тыңдап келеді. Аудан аумағындағы радиотолқын желілері тұрғындарға мемлекеттік тілде тәулік бойы елден және аймақтан ақпараттар таратады.

Айта кетейік, елімізде алғашқы радио 1921 жылдың қазан айында хабар таратқан. Осы тарихи негізді алға тарта отыра Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1-қазанды «Радио күні» деп жариялауды ұсынған болатын. Радионың бастауында Ахмет Байтұрсынов және басқа да алаш қайраткерлері бар.

(с) Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі