Аусыл – жіті өтетін және тез таралатын аша тұяқты жануарлардың індеті. Індетке ұшыраған малда қызба, ауыздан сілекей ағу, ауыз қуысының кілегейлі қабығында, желінде және тұяқ арасында афтозды жаралардың пайда болу сияқты белгілері болады. Індеттің қоздырғыштары болып аусылмен ауырған жануарлар, оның ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі 7 күннен 21 күнге дейінгі және вирус тасмалдаушы жануарлар. Вирусты ауыруға ұшыраған жануарлар сыртқы ортаға афтылардың қабықтарымен, сүтпен, сілекемен, демалған ауамен және нәжісімен таратады. Нәтижесінде ауырудың қоздырғыштары қора-жайда, әртүрлі құрал-саймандарда, жайылымдарда, жем-шөп, суат, көлік жабдықтар, киімдердің т.б. заттардың бетінде қалып қояды. Сондай-ақ, аусылдың вирустары түскен жерінде 1 жылға дейін сақталатын болғандықтан таралу факторлары болып есептеледі. ЕСКЕРТПЕ: Егер Сіз, өз үй жануарларыңыздан жоғарыда аталған белгілерді байқасаңыз шұғыл түрде ветеринар мамандарына хабарласуыңыз қажет. Сонымен қатар, ветеринария саласындағы мамандар келгенге дейін, жануарларды оқшаулап ұстап, кеңес алып, аусыл ауруына қарсы (алдын – алу мақсатында) вакцина ектіру қажет.Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!Қосымша ақпараттарды Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК – нан ала аласыздар.Байланыс нөмірі: 45-05-22, 45-05-05
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы