Сел ағындары — бұл жекелеген біліктерде қозғалатын, таулы рельефке тән су мен борпылдақ қоспалардан тұратын қысқа мерзімді балшық тас ағындары.Олар морена көлдерінің серпінділігі, еріген қардан судың толып кетуі және мұздықтардың сулануы, қатты және тұрақты жауын-шашын, сондай-ақ жер сілкінісі кезінде пайда болады. Селдің биіктігі 10-20 метрге жетуі мүмкін (кейбір жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағынның жылдамдығы 3-5 және одан көп м / с (кейбір жағдайларда 15-20 м / с дейін) болады.Селдің жолында тірі қалу іс жүзінде мүмкін емес, сондықтан сел қаупінің алдын алу өте маңызды.Бұл ретте Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары сел, сырғыма қауіпті учаскелерді зерделеу жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шараға аудан əкімішілігінің, калалық құзыретті басқармаларының жауапты мамандары қатысты. Зерделеу жұмыстары барысында Қазығұрт тұрғын алабының тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, сақтық шаралар ескертілді.
Шымкент қаласы ТЖД