Елін сүйген, елі сүйген елбасы!

Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында бастауыш кәсіподақ ұйымының белсене атсалысуымен 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстанның жаңа тарихының ең жарқын беттері көрініс тапты. Өскелең ұрпақ ұлттық тарихты білуі әрі бағалауы тиіс. Осы ретте жастарға патриоттық тәрбие беру – бұл бүкіл қоғамның: ата-аналардың, мұғалімдердің және мәдени-ағартушылық бағытындағы мекемелердің алдыңғы кезектегі міндеттерінің бірі екенін естен шығармаған жөн.Кітапхана қызметкерлері оқушыларға Елбасының білікті саясатерлігін, Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі даму барысына тоқталып, Елбасы тарихы, ел тарихымен тығыз байланысты екенін жеткізді.Шара барысында оқушылар да өз ойларымен бөлісті.Бүгінгідей маңызды да тағылымы мол жиынның келешек ұрпақ пен жастар үшін, жалпы қазақ ұлтына тигізер пайдасы зор болмақ.Айта кетейік, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында 57 қызметкер жұмыс жасайды. Оның барлығы да кәсіподақ қызметкері.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы