Шымкент қаласындағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, еңбекті қорғау шараларының тиімділігін арттыру, өндірістерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізудің, қызметтерін декларациялаудың маңыздылығын белсенді түсіндіру мақсатында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан кәсіпорындар өкілдерімен «Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша» семинар-кеңесін өткізді.Жиын барысында Бауыржан Ілімшеұлы кәсіподақ ұйымын ашып, еңбек құқықтарын қорғау жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.Сондай-ақ, қызметкерлерге еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндірме берілді.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Заңнамалығына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес, санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы