Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар

Шымкентте  “ҚазТрансГаз Аймақ”АҚ Шымкент өндірістік филиалында жиын өтті.  Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі  Жазира Алжанова, “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ШПФ басшысы Сәкен Исмайлов, “ҚазТрансГаз” АҚ комплаенс-қызметінің басшысы қатысты.                    Іс-шарада кәсіпорын қызметкерлеріне ҚР-ның 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен, сондай-ақ осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін таныстырды.    “Агенттік еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі тұрғындар мен жұртшылық өкілдерін толғандыратын проблемалық мәселелерді талдап, “сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын”әзірледі. Шымкентте” сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына ” проблемалық салалар ретінде экология, жер, ауыл шаруашылығы, жолдар мен инфрақұрылым салаларынан басқа монополист-кәсіпорындар халыққа көрсететін қызметтер де енгізілген. Бүгінгі таңда осы салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Өз тарапымыздан сыбайлас жемқорлық саласындағы қылмыстық қудалау органы ретінде біз әрқашан ынтымақтастық үшін ашықпыз. Сындарлы диалогқа, сыбайлас жемқорлық көріністерін қолдауға және қорғауға дайынбыз”, – деп атап өтті Жазира Алжанова.                         

Ұйымдарда комплаенс-қызмет не үшін қажет, оның квазимемлекеттік сектор қызметіндегі рөлі туралы “ҚазТрансГаз Аймақ”АҚ комплаенс-қызметінің басшысы жиналғандарға айтып берді. Айта кетейік, комплаенс қызметі Қоғамның Комплаенс-қызметі туралы Ережеге сәйкес директорлар Кеңесінің Төрағасына ұйымдық және функционалдық есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.                                                                                       Қызметтің негізгі мақсаты комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау болып табылады.                                                     Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілері туралы білсеңіз, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Call-орталығына жүгіне аласыз.