Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Осы мақсатта арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылы қабылданды. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бектілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөльдік» төзімділік таныту арқылы қоғамда осы бағыттағы насихат, түсіндірулер жүргізу негізінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы «Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жесқорлыққа қарсы бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарын» орындау мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің бас маманы Ж. Әлжанова, «Айқап мешітінің» бас имамы Ө.Омаров, Департаменттің кадр саясаты басқармасының бастығы Б. Қамбаров және №№3,5 ӨСБ тарта отырып, “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің бас маманы Ж.Әлжанова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге алып әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасынан хабардар етіп, басты критерий — нәтижелер өңірдің азаматтары мен кәсіпкерлері үшін маңызды және пайдалы болуы екендігін және Департаменттің кадр саясаты басқармасының бастығы Б.Қамбаров 2022 жылдың 9 айында Шымкент қаласы ТЖД-де тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін айтып өтті.