Шымкентте жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар аясында келесі іс-шаралар жоспарланған.

Жұма күні сағат 11:00-де жыл сайынғы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуды бастайтын құлақтандыру жүйесі қосылады.
Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуларға алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді. Хабарландыру теле — және радиоарналарды ұстап алу арқылы қала тұрғындарын жаттығу эвакуациясы туралы хабардар етті, халыққа бейнероликтер тарату, ақпараттық билбордтар орналастыру арқылы ұсыныстар берілді.

Ертең қалада сағат 11.00_де сиреналар, теле-, радиоарналарды ұстап қалу арқылы құлақтандыру жүйесі қосылады, сондай-ақ «Дармен»мобильді қосымшасы арқылы риѕһ-хабарламалар таратылады.

Негізгі оқу орны Қаратау ауданындағы Нұртас шағын ауданындағы тұрғын үй кешені болып белгіленді. Мұнда сағат 11.00-де жер сілкінісі болуы мүмкін екендігі туралы хабарлау кезінде тұрғындарды эвакуациялау жүргізіледі.
Қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің барлық жеке құрамы адамдарды құтқару және эвакуациялау, үйінділерден зардап шеккендерді шығару, өрттерді сөндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтайды.
Сағат 11.50-де № 65 Ы. Алтынсарин атындағы мектепте іс жүзінде «баспанасыз қалған» халықты қабылдау пунктінің жұмысы көрсетіледі.
Осы мақсатта Шымкентте 123 жиналу-эвакуациялық пункт құрылды, олардың мекенжайлары 2ГИС — ке орналастырылды.
Негізгі іс-шара жаңа ипподром аумағында сағат 12.30_да көрсетіледі, онда шатырлы лагерь, далалық ас үй, тамақтану және азық-түлікпен қамтамасыз ету пункттері орналастырылады.
Оның жұмысына өз бағыттары бойынша 21 қалалық азаматтық қорғау қызметі қатысып, өз бағыттары бойынша жұмыс атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент 7-8 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 2 немесе одан да әлсіз, сезілмейтін жер асты дүмпулер орын болады.
Бұл ретте қала аумағында жер сілкінісі тіркелмегенін атап өтеміз.

Шымкент қ.ТЖД Қоғаммен байланыс тобы