Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Шымкент қаласы білім басқармасының «Индустриалды – техникалық колледжі» МКҚК-ның 2-курс АЭ 21-30к топ жетекшісі: Молдабаев .Е.Т ө/о шебері: Ергенбаев Б ұйымдастырумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық сағаты» өтті. Жемқорлық мәселесі мемлекеттік маңызды мәселе болып табылады. Елімізде әлеуметтік- экономикалық реформаларды жүргізу барысында кездестіріп отырған қиыншылықтардың басты себебі — сыбайлас жемқорлық. Қазақстан Республикасының Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, ахуалды жақсартып келеміз, дегенмен, кейбір азаматтардың табысты жасыру, каржы мен мүлікті шетелге шығару, салық төлеуден жалтару арқылы көлеңкелі экономика жасап халықтық бюджетті ысырапқа салуда.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алағанан бері құқықтық-азаматтық мемлекет құру үстінде. Осы уақыттан бері еліміздің жеткен жетістіктері, алған асулары көп болғанымен өкінішке орай кейбір жағымсыз құбылыстардың да орын алып отырғаны тарихи шындық. Сондай келеңсіз құбылыстардың қатарына ересек адамдар мен жастар арасында қоғамға қауіпті әрекеттерге бару, адамзатқа қарсы қылмыстық әрекеттер жасау жыл сайын өсіп келеді. Осындай қылмыстардың катарына сыбайластық жемқорлық мәселесін айтуға болады. Бұл келеңсіз әлеуметтік-құқықтық құбылыспен елімізде белсенді күрес жүргізіліп жатса да, оның тамырына балта шабу оңай емес екенін анық байқатып отыр. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық әрекет ретінде лауазымды адамға пара беру және оны алу (талап ету) болып табылады.