Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркіcтан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Балжан Алипбектің төрайымдылығымен Департамент қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және алдын-алу» тақырыбында семинар өтті.
Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда Балжан Мадиқызы алдымен аталған семинардың маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтыың алдын-алу және парасаттылық мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда айырықша басымдыққа ие.