Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы ұйымдастырылған дөңгелек үстелде талқыланды. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Салханқызы Әлжанова, «AMANAT» партиясының фракция жетекшісінің орынбасары, қалалық маслихат депутаты Таңатарова Жадыра Нағашбайқызы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің комиссия мүшесі Садықов Берік Қадірқұлұлы және Абдусаттар Сманов мешітінің бас имамы Шотабеков Берік Салаватұлы қатысты. Сонымен бірге бұл іс-шараға Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшы құрамы қатысты.
ТЖ департаментінің бастығы полковник Мадияр Есенгелдіұлы Жақсыбаевтың басшылығымен өткен дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы — «Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылықтарды түсіндіру мәселелері» болды.
Іс-шара барысында Департамент бастығы 2022 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Министрлікпен әзірлеген жоспар бойынша тұжырымдама тармақтарын сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТБН №4 жобаларын орындау мақсатында кешенді шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтар әлемдік індет болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресу жолыныдағы өз бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен және оның алдын-алу мәселелерімен, сондай-ақ, заңнамалардағы орын алған соңғы өзгерістермен толық бөлісіп, жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек екендігін алға тартты.