Қазақстан Сьерра-Леоне Республикасының электрондық үкіметін дамытуға техникалық көмек көрсетеді. KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің көмегімен Sierra Leone Innovates 2024 саммитінде электрондық үкіметтің цифрлық құрамдастарын тапсыру өтті.
Қазақстандық IT-шешімдердің экспорты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сьерра-Леоне Республикасының Байланыс, технологиялар және инновациялар министрлігі арасында бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесінде мүмкін болды. Келісім аясында қазақстандық тарап «Smart Bridge Services Showcase», «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» және «Smart Data Ukimet» ақпараттық-аналитикалық жүйесі қызметтерін берді.
Қазіргі уақытта қазақстандық делегация қазақстандық ІТ шешімдерді одан әрі табысты енгізу үшін елдің АКТ инфрақұрылымының цифрлық жетілуін бағалауда. Бұл сапар отандық әзірлемелерге деген жоғары сенімді көрсетеді және континенттен тыс қазақстандық цифрлық шешімдердің географиялық қатысуының кеңеюін көрсетеді.
Еске салайық, бүгінде Қазақстан электрондық үкімет саласындағы халықаралық рейтингтерде жоғары орындарда. Біріккен Ұлттар Ұйымының Электрондық үкіметті зерттеуіне сәйкес, біздің еліміз БҰҰ Жаһандық электрондық үкіметті дамыту индексінде 193 елдің арасында 28 орында; сонымен қатар онлайн қызмет көрсету сапасы индексінде 8-ші орында.
Сіздің ақпаратыңыз үшін, Сьерра-Леоне — Батыс Африкадағы гауһар, алтын және титан сияқты табиғи ресурстарға бай мемлекет. Астанасы және ең үлкен қаласы — Фритаун. Сьерра-Леонеде 8 миллионға жуық халық тұрады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы