Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауымен Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық шарасы Келес ауданында 11-15 қаңтар аралығында өткізілуде. Аталған шара қоғамдық көліктегі оқыс оқиғалар мен құқыққа қарсы әрекеттердің жиілеуіне байланысты қолға алынып отыр.
Іс-шара мақсаты — қоғамдық көлік ішіндегі кез келген құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары тарапынан жол ережесін бұзбау, белгіленген автотұрақтан жолаушыны мінгізу қағидаттары жүргізушілерге түсіндірілуде.
Түркістан облысы ПД