Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні Түркістан облысының Әділет Департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Тауар таңбасын қорғау» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізілді деп хабарлайды Ntime.kz. Іс-шараға Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және тауар таңбалары құқық иелерінің сенімді өкілі «Болотов и Партнеры» ЖШС қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зиятерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсартуда тауар таңбасын тіркеудің маңыздылығы және кәсіпкерлермен зияткерлік меншік құқығы объектілерін пайдалану бойынша талқылау жүргізілді.