Түркістан облысының әділет департаментінің басшысы атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараевтың Түркістан өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен жылдың атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылғы әділет органдары саласындағы жаңашылдықтар бойынша БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті.- «Әділет министрлігінің 2020- 2024 жылдарға арналған Даму жоспарына сәйкес мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың саны 102, ол жоспарлы кезеңге бекітелген үлестің 64,1 % құрап, жоспарда көрсетілген нысаналы индикаторға қол жеткізілді.Сондай ақ Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 133-тармағын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мүдделі органдармен және ұйымдармен бірлесіп ақпаратты цифрлық (автоматты) растау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында неғұрлым талап етілетін анықтамалар мен қағаз растамаларды алып тастау бойынша жұмыстар жүргізді. Ендігі жерде азаматтар мен заңды тұлғалардан қажетті мәліметтерді таңдап және өзінің ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, сұрау салу жібере отырып, «электрондық үкімет» порталынан заңды тұлға туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.», – деді Департамент басшысы.Бұдан бөлек Департамент басшысы Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының енгізілген өзгерістер де тоқталды. 2021 жылы орындауға жататындардың атқару құжатының жалпы санынан 128 221 атқару өндірісі көзделген межеден артығымен орындалған.2022 жылға арналған басым бағыттарға сәйкесТүркістан облысы Әділет департаментінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы бойынша нысаналы индикаторлардағы межелі көрсеткішке қол жеткізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың үлесін 64,3%-ға жеткізу, Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу жалпы санынан толық көлемде орындалған атқарушылық құжатардың үлесін 69%-ға жеткізу, Атқарушылық іс жүргізудің орындауындағы жалпы санынан аяқталған атқарушылық жүргізулердің үлесін 44,5 %-ға жетізу, Проблемалық алимент санатындағы атқару өндірістері бойынша Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен және аудандағы жеке сот орындаушылармен жұмыстар жандандыру, Заңды тұлғалардың экономикалық қызметтің негізгі түрі, коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының (қатысушыларының, мүшелерінің) құрамы өзгерген кезде құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар электрондық хабарлама негізінде автоматты режимде енгізілуін жандандыру, Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларын қатаң сақталуын қамтамасыз ету Е-Апостиль бойынша халық арасында насихат жұмыстарын жүргізіп, электронды өтініштер саның көбейту, 2022 жылға 005 «адвокаттардың заң көмегін көрсетуі шеңберін кеңейту болып табылады.

Түркістан облысының Әділет департаменті