Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Менің тілім – менің мақтанышым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт — дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл — ата — бабамыздан бізге қалған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.
Шымкент қаласынының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Тілге құрмет – елге құрмет» такырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жоғары медицина колледжінің базасында өткен шараға қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Д.Ештаева, қалалық №1 емхананың бас дәрігері М.Бейсеуов, қалалық №4 емхананың бас дәрігері А.Бекбауова, «Шымкент» жүрек орталығының» дәрігері Г.Әлімбаева, Шымкент қалалық тілдерді оқу-әдістемелік орталығының қызметкері А.Т.Оспанова және колледж қызметкерлері, оқытушылары, кітапханашылары мен білім алушылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында көптеген мәселелер айтылып, тіл тағдыры туралы көкейдегі ойлармен сусындап, басқа тілді меңгеруге ешқандай бөгет болмайтынын, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейтінін, өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге басты себепкер – сол ана тіл екенін біліп, бір ауыздан ана тілімізге жанашырлықпен қарап, тілдің мәртебесін өсіруге атсалысу борыштары екендігі баса айтылды.
Қатысушылар медициналық мекемелерде мемлекеттік тілде құжат жүргізуге қатысты өздеріне қажет пайдалы ақпарат алып, іс-шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.