Шымкент қаласы аумағындағы ағымдағы жылғы 04 мамырда қатты жел салдарынан орын алған жағдайлар бойынша баспасөз релизі

2023 жылғы 04 мамырда ТЖ департаментінің жеке құрамымен қатты жел салдарынан   атқарылған аварийлық-қалпына келтіру жұмыстар.

Қала бойынша жалпы 3 мекенжай бойынша шығулар тіркелді, оның ішінде 2 мекенжай бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Жалпы 3 техника және 8жеке құрам жұмылдырылды.

03 мамырда сағат 13-55  Тұран ауданында қатты желдің (екпіні 12 м/с дейін) салдарынан Темірлан тас жолында 9 қабатты тұрғын үйдің қасбеттік бөлігінің қаптамасының шамамен 6 шаршы метр аумақта жартылай бұзылуы орын алды. Адамдарға конструкциялардың құлау қаупі болды. ТЖД қызметкерлері қаптаманың  бөлігін бекіту бойынша жұмыстар жүргізді. Азаматтарға қауіп жоқ.

         04 мамырда сағат 12:20-да Әл-Фараби ауданындағы Қабанбай батыр мен Ерманов көшелерінің қиылысында қатты желдің салдарынан (екпіні 23 м/с дейін) жеңіл автокөлікке ағаш құлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

04 мамырда сағат 17:33-те Астана мөлтек ауданы, №74 үйдің сыртқы қаптамасы қатты жел салдарынан 3 ш.м. ажырап, нәтижесінде адамдарға құлау қаупі туындаған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Ажыраған қаптаманы бекіту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, қатты жел салдарынан (Бозарық, Жалын, Откорм совхоз, Сәуле, Қатын-көпір, Агропром, Самал базары, Тұрлановка, Қызылжар, Игілік, Жібек жолы базары, Мал базары, Лесхоз, Бозарық, Ташкент тас жолы, Теледидар мұранасы, Ату алаңы, Коммунизм) мекенжайларында тоқ көзі ажыратылып, нәтижесінде 9.600 абонент электрэнергия көзінен ажыратылған.

 «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның қызметкерлері электроэнергияны қосу бойынша жұмыстарды жүргізіп, жоғарыда көрсетілген мекенжайларда 05 мамырда сағ. 08:20 жағдайы бойынша электрқуаты қосылған.
         Қосымша: Достық мөлтек ауданы және Сайрам тұрғын алабында жел салдарынан тоқ көзі ажыратылып, 980 абонентке электрэнергия қосылмады. Қалалық энергетика қызметі бұл бағытта жұмыс атқаруда.

Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы