Қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Ол үшін әрбір пендеде адамгершілік, жанашырлық, жомарттық секілді мінездер болуы қажет-ақ. Аталмыш қасиеттердің барлығы бойынан табылатын, осындай игі істі өздеріне парыз еткен Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны бүгінде 6 бірдей баланы жалғыз тәрбиелеп, жетілдіріп отырған жалғызбасты әкенің үйіне арнайы барып, жағдайларын сұрап қайтты. Сонымен қатар күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктерді молынан алып барып, жәрдем етті. Осылайша, полицейлер тарапынан тағы бір ізгі амал жасалды. Тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген отбасы мүшелері полиция қызметкерлеріне ізгі амалдары үшін алғыстарын жеткізіп, қызметтеріне табыстар тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргендеріне ризашылықтарын жеткізді. Бала қуанса, әлем қуанады. Сондықтан, бір-бірімізге қолғабыс етуден шаршамайық!
ТО ПД баспасөз қызметі