Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын жайылымнан құны 2 100 000 теңге болатын 7 бас жылқысының жоғалып кеткені туралы арызданған. Ол жоғалған малын 4 күн бойы өз бетінше іздеп таба алмаған. Содан соң мақтааралдық сақшылардың көмегіне жүгінген. Хабар алысымен тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына шықты. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізумен қатар мал базарлар мен үй жануарларын таситын автокөліктерді де мұқият тексерді. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, жоғалған ірі қара малдарды 25 шақырымдық жердегі жайылымнан тапты. Осы тұста жергілікті тұрғын жоғалған малын тауып беріп, аман-сау қайтарған полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда, өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу полицияға «102» телефоны бойынша хабарласыңыздар.
ТО ПД баспасөз қызметі