Ұлтаралық татулық — елдегі тұрақтылықтың кепілі

2022 жылдың 07 қазан күні  Түркістан қаласы, «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің акт залында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының жұмыс жоспарына сәйкес   Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маманы, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы — Бақытжан Бейсембаев пен Қожа Ахмет Ясауи мешітінің найб имамы — Таңат Серікбаймен колледж оқытушылары мен студенттердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты — Отанымызда саяси тұрақтылық пен ұлттық татулықты ұлтына, діні мен нанымына бөлмей, елдің барлық азаматтарының құқықтары мен мүмкіндіктерін теңдей сақтап келе жатқандығын ақпараттандыру.

Кездесу барысында — Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың 2022 жылдың 16 наурызындағы және 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауларын негізге ала отырып «Ұлтаралық татулық — елдегі тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.