Түркістан облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі тарапынан құжатсыз және мерзімі өтіп кеткен азаматтарды құжаттандыру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Осы орайда келестік полицейлер шетелдік азаматқа көмектесіп, алғысын алғанын жеткізгіміз келеді.Нақтырақ айтсақ, Келес АПБ-ға аудандық орталық ауруханасына денсаулығы сыр беріп, инсульт алып, ес-түзсіз, аты-жөні белгісіз азамат түскендігі жайлы хабарлама келіп түседі. Полицейлер ақпаратқа сәйкес, бұл егде жастағы ер адамның кім екенін анықтау жұмыстарын жедел атқарады. Науқастың қол-саусақ іздері арқылы, оның Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі белгілі болады. Сұрастыру жұмыстары барысында, бұл азаматтың Қазақстан Республикасына осыдан 20 жыл бұрын шекараны заңсыз бұзып өтіп келгені, содан өзінің жеке-басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып алғаны анықталды. Сондықтан еліне қайта алмай, Шардара ауданында түрлі жұмыстарды жалданып істеп келгені айқындалды. Осылайша бұл тұрғын Келес аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен анықталып, аудан полицейлері Өзбекстан Республикасының Елшілігіне аталған тұлғаны еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал жасап, тиісті көмекті көрсетті. Яғни полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы «Сана сезім» ұйымымен бірлесіп, ер адамның құжаттарын реттестірді. Соның арқасында жат елде жүрген азамат, еліне, Өзбекстан Республикасына қайтарылды. Өз кезегінде Николай Танигин, бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселесін шешіп беріп, еліне қайтуға ықпал жасағаны үшін полицейлерге алғыс айтып, шексіз ризашылығын жеткізді.Түркістан облысы ПД Көші-қон қызметі полицейлерімен алдағы уақытта да құжат мәселесі бойынша жұмыстар атқарылып, игі істер жалғасын таба бермек. Сондықтан барша тұрғындарды заңға сәйкес құжаттануға шақырамыз!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі