Облыс әкімінің түркістандықтармен өткен еркін кездесуі барысында әркім өзін толғандырған мәселені көтере алды. Өмірзақ Шөкеев тұрғындар айтқан мәселелердің назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Халықтың тарапынан түскен сауалдардың көбі әлеуметтік салаларға, қоғамдық көлік, заңдастыру, жол мен кәріз жүйелеріне қатысты болды. Атап айтқанда, мүгедектерді тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автомобиль, яғни инватакси санын көбейту мәселесі көтерді. Қала аумағында 7 автокөлік тасымалдайды. Жыл соңына дейін олардың саны артатын болды.
Бірінші жарты жылдықта облыс әкімі барлық аудандарда 17 рет халықпен кездесу өткізген. Барлық деңгейдегі әкімдер 200 ден астам басқосулар ұйымдастырыпты.Ол жерлерде көпшіліктің көкейінде жүрген мыңдаған сұрақ қойылып, оның басым бөлігі орындалды.31-наурызда түркістан қаласында кездесу өткен болатын.Ол жерде 32 мәселе көтерілді. Оның 23-і шешілді. Қалған тоғызы қаржыға байланысты болғаннан кейін кезең-кезеңімен шешіліп жатыр, деді облы әкімі. Кездесуде қаланың кей аудандардағы интернет желісінің сапасының төмендігі айтылды. Түркістандықтар тарапынан балалар аурухасы қажеттілігі жайлы сұраққа жоспарда бар 190 орынға арналған аурухана құрылысы келесі жылы басталатыны айтылды.
Түркістан облысында 2025 жылға дейін 250 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Халықтың табысын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы» жобасы бекітіліп, нәтижесінде 143 792 жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, облыстың экономикалық белсенді халық санына қарай 8 194 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Биыл 444 салалық жобаларды іске асыру аясында 33 819 жұмыс орындары ашылатын көзделуде.
Түркістан қаласы тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел басшылығының қолдауы мен түркістандықтардың еңбекқорлығының арқасында өңірдің дамып жатқанын айтып, алда жүзеге асатын тың жобаларға тоқталды. Өңірге инвестиция тарту мақсатында үлкен жоба іске асырылуда. Ол – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл жоба бойынша облысқа 293,3 млрд. теңге жеке инвестиция тартылатын болады. Құрылыс 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады.— Аталған жоба іске асқан жағдайда облыстың оңтүстігіндегі тұрғындарды түбегейлі ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз, деді облыс әкімі. Айта кетейік, облыс әкімі биыл осымен екінші рет Түркістан қаласында есеп беру кездесуін өткізді. Шамамен екі сағатқа созылған жиынға 500-ден астам адам келді. Тағы үш мың адам желіге қосылды 50-ге тарта сұрақ қойылып, өзекті мәселелер көтерілді. Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша бөлек қабылдады.
Ntime.kz