Электр энергиясы тапшылығы жуық арада толық шешімін табады

Түркістан облысының электр желілерінде ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап электр энергиясы мен қуатының тапшылығы тіркелді. Облыстың тұтынатын қажетті көлеміне жетпей энергия тапшылығы орын алған. Себебі, «KEGOC» АҚ өндіруші қуаттардың тапшылығынан және 500 кВт-тық «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің артық жүктелуіне жол бермеу үшін мәжбүрлі түрде шектеген. Енді электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында келісімдер жүруде. Бұл туралы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Асхат Бердіханов мәлімдеді. Айта кетерлігі, ҚР Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында елдің бірыңғай энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы орын алады. Ең жоғары жүктеме сағаттарында тұтыну өткен жылғыдан 1 500 МВт-тан асатын болады. Осыған байланысты Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында және Шымкент қаласында шектеулер енгізілуде.«Аталған мәселе ҚР Энергетика министрлігінде шешілуде. Жамбыл ГРЭС-ң генерациясын 800 МВт-қа дейін арттыру мақсатында қосымша энергия блоктарын іске қосу жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, «Энергопоток» ЖШС ЖГРЭС-пен электр энергиясының қосымша көлемін жеткізуг бойынша келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, Алматы облысында кешкі максимумда Мойнақ ГЭС қуатын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», — деді Асхат Ермекұлы.  

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі