Түркістан өңірінде инвестициялық жобалар саны артуда

Түркістан өңірінде инвестициялық жобалар

Түркістан облысы экономикалық дамуды жеделдету және жаңа өндірістерді дамыту мақсатында инвестиция тарту жұмыстарын жүйелі түрде күшейтіп келеді. Облыс әкімдігі мен арнайы құрылымдар инвесторларға қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударуда.

Инвестиция тарту нәтижесінде Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеуде, тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсарып келеді. Сонымен қатар, жаңа кәсіпорындар мен өндіріс орындары ашылуы өңірдің инфрақұрылымын дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге ықпал етуде.

Түркістан облысы әкімдігі шетелдік және отандық инвесторлар үшін ашық және тұрақты инвестициялық климат қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдауда. Бұл мақсатта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту, жеңілдіктер мен қолдау пакеттерін ұсыну бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында қарқынды жұмыс жүруде. Бүгін әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков ТОО «Мақтарал Xing Feng» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барсында Түркістан облысы мен ҚХР арасында инвестициялар тарту, тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары инвесторларға жасалған мүмкіндіктермен таныстырды.

Қытайлық инвестор «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы аумағында өсімдік майы және мақта өңдеу зауыты жобасын іске асыру жоспарын жеткізді.

Аталған инвестициялық жобаның құны  5,8 млрд. тенгені құрайды және зауыт іске қосылған соң 150 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Облыс әкімдігі инвестициялық жобаларды көбейтіп, өңір экономикасын әртараптандыруды жоспарлап отыр. Бұл бағытта халықаралық форумдар, кәсіпкерлік конференциялар ұйымдастырылып, инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.