Түркістан облысы аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция мәртебесін көтеру мен халықпен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.Мәселен іс-шара кезінде Шардара ауданының учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Орынбасар Әшірбеков өзінің белгіленген аумағында рейд жүргізу барысында Шардара-Арыс тас жолы бойында жүзген ағашын тиеп келе жатқан «Газ-53» маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Содан учаскелік полицей көлік жүргізушісінің заңсыз көлікке ағаш тиеп келе жатқанын растады. Бүгінде құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 381-бабы «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда бұл іс Шардара ауданы орман қорғаушылығы және жануарларды қорғау мемлекеттік мекемесіне жолданды.Түркістан полицейлері тұрғындарға табиғатты қорғау заңнамаларын бұзбау керектігі, бұзған жағдайда қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктерге тартылатындығы туралы ескертеді.
ТО ПД баспасөз қызметі