Ақша, есірткі және жезөкшелер: Таразда притон жабылды

Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының   қызметкерлерімен   жезөкшелік притонын  және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырғаны үшін  Тараз қаласындағы  сауналардың бірінің 39 және 54 жастағы әкімшілері қамаққа алынды.

Әйелдердің сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздар мен саунаға келушілер арасында делдалдық жасағаны анықталды. Жедел уәкілдермен тінту барысында 197 мың теңге көлемінде ақша, клиенттерді қабылдау журналы, ұялы телефондар,  сондай-ақ, әкімші бөлмесінен жалпы  салмағы 5,20 грамм  «гашиш» есірткі заты  және контрацепция құралдары тәркіленді. Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін 6 қыз ұсталды. 

Мекеменің иесі де анықталды. Оған және  екі әкімшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің  309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу мақсатында  үй-жай ұсынғаны үшін сауна иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Жамбыл облысы аумағында интимдік қызмет көрсететін 3 притон анықталып, жабылды. Қазіргі таңда барлық деректер бойынша тергеу іс — шаралары жүргізілуде.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі