Түркістанда интернет сапасы жақсарып келеді

Түркістанда халықты сапалы байланыспен қамту жұмыстары жоспарлы түрде жүйелі жүзеге асуда. Былтыр облысында еліміз бойынша алғаш рет талшықты-оптикалық интернетті пайдалану жобасы іске қосылған болатын. Қазақтелеком» және «Транстелеком» акционерлік қоғамдары тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша талшықты-оптикалық интернетті пайдалану жобасы қолға алынды.

Өткен жылы осы механизм арқылы жеке инвестор «NanoTech» ЖШС облыс көлемінде 70-ке жуық елдімекен тұрғындарын интернетке қол жеткізді. Ал, 2022 жылы 30 мыңға жуық тұрғын үй, яғни, 150 мыңға жуық тұтынушы осы тәсіл арқылы интернетке қол жеткізеді деп жоспарлануда.

Аймақта  ғаламтормен қамту мен цифрландыру бағытында маңызды жобалар жүзеге асып жатыр. Биыл облыста «Кселл» акционерлік қоғамы тарапынан 58 елдімекен мобильді кең жолақты ғаламтормен қамтылған. Сонымен бірге қолданыстағы 2G және 3G станцияларын 4G-ге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Кселл» байланыс операторы облыс бойынша қолданыстағы 22 базалық станциясын 4G-ге ауыстырса, Түркістан қаласында қосымша 3 жаңа станция орнатқан. Ал, 6 станцияны 4G-ге ауыстырды. «Билайн» байланыс операторы 30 станциясын 4G-ге ауыстырса, «Tele2» байланыс операторы облыс бойынша қолданыстағы 214 станциясын 4G-ге көшірген. Республика бойынша тұңғыш рет Түркістан қаласында бесінші буынды 5G мобильді интернеті іске қосылған. «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен жұмыс нәтижесінде Түркістан қаласында «Smart city» жобасы 2 кезеңмен жүзеге асады.

Осы мақсатта қазіргі таңда  тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Жоба жүзеге асса, қаладағы көптеген салалар цифрланып, тіршілік жеңілдей түспек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес облыстағы 943 мектептің 563-і облыстық полиция департаментінің жедел бақылау орталығына шығарылды. Бүгінгі таңда Түркістан қаласындағы көтерме-тарату орталығының цифрлық платформасы әзірленді.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда қосымша «NewTelcom» ЖШС 81 ауылдық елді-мекен осы операторлардың дилерлерімен ауа арқылы радиомост технологиясымен қосылған.

Қазір, осы 81 ауылдық елді-мекен тұрғындары, ол дегеніміз 6000-ға жуық жеке тұрғын үй заманауи қаладағыдай жоғары жылдамдықты интернетпен пайдалануда.

Ағымдағы жылы, осы тетік арқылы 30 мыңға жуық тұрғын үйді, бұл 150 мыңға жуық тұтынушы қосу жоспарлануда.

         Мамандардың мәліметінше, Түркістан облысы аумағында 838 ауылдық елді мекен (бұдан әрі — АЕМ) бар. Аудан, қала әкімдіктерінің талдау және анализдеу ақпараты нәтижелері бойынша 618 АЕМ (халық саны — 1 753 012) бұл 73,7%, онда 441 129 оқушы 3G және 4G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, 146 АЕМ-де (халық саны — 164 905) бұл 17,4%, онда 62 978 оқушы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, ал 74 АЕМ – де (халық саны — 17 860) бұл 8,83%, онда 5 623 оқушы тұрады, ұялы байланыс мүлдем жоқ.

Жоспарлы жұмыстар өңір басшысының жіті бақылауында, ол жауаптыларға елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмысын жандандыруды, цифрландыру бойынша жобаларды сапалы атқаруды тапсырды.

Ntime.kz