ХІХ жазғы азия ойындарына Түркістан облысынан 27 спортшы қатысады

ХІХ Жазғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді. Осы аралықта 45 елден келген 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медальді сарапқа салады.

Азияның айтулы додасына Түркістан облысынан 27 спортшы қатысып отыр. Олардың қатарында еліміздің талантты боксшысы Сәкен Бибосынов пен Сағындық Тоғамбай, ал дзюдодан Дидар Хамза бар. Сонымен қатар, таеквондодан Нұрлан Мырзабаев пен каратэден Әсел Қанай алаңға шығады. Садақ атудан Бунед Мирзаметов пен теннистен Гозаль Айнитдинова бақтарынан сынайтын болады.

Сондай-ақ, командалық ойындар ішінде баскетболдан: Руфина Гаврилюк, жүзуден: Аделайда Пчелинцева, София Сподаренко, гандболдан: Бекзат Анарбаев, Мирас Қалдыхан, Айбек Тұранов, Данияр Ырысметов, Севара Реджеметова, Мария Ситникова, Валентина Ситникова, Одилжан Газиевтер өнер көрсетеді. Ал каноэ есуден: Ульяна Кисилева, байдарка есуден: Бекарыс Раматулла, Ольга Шмелева, ал академиялық есуден: Мелани Жақыпова, Александр Афанасьев, Анжела Полянина, Владислав Яковлевтер жарысқа шығады. Ал бадминтоннан: Камила Смағұлова пен Дмитрий Панарин өнер көрсетеді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі