Түркістан қаласындағы құрылыс барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс басында болды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы құрылыс барысында ең алдымен сапаға басты назар аударуды мықтап міндеттеді. Жұмысшылармен кездескен облыс басшысы қолға алынған жұмыстарды дер кезінде, белгіленген кестеге сәйкес аяқтауды жүктеді.
Түркістан қаласында былтырғы жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 12 мыңнан асқан. Осы бағытта жаңа әлеуметтік үйлердің қатарын көбейту жоспарланған. Өткен жылдың соңында кезекте тұрған 440 мұқтаж азаматтарға пәтерлер тапсырылды. 534 пәтер несиемен рәсімделіп берілсе, 7 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 336 пәтер «Отбасы банкі» арқылы пайдалануға берілген.
Қала бойынша 46 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін жыл соңына дейін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда әкімшілік-іскерлік орталығындағы 77 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл ретте құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, кезекте тұрған азаматтарға 2021 жыл соңына дейін 730 пәтерлерді табыстау жоспарлануда.
Қаланың жарықтандыру мен автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, қала ішінде 10 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 200 шақырымды құрайтын 140 көше жарықтандырылды. Бұнымен қоса орташа жөндеу жұмыстары (асфальт төсеу) 100 шақырымға, яғни 81 көшеге жүргізіліп, аяқ жолдар салынды.
Түркістанның Бас жоспарына сәйкес, асфальт төселмеген көшелерге сарқынды су мен газ құбырларын тарту, шағал тас төсеу, жаяу жүргіншілер жолын салу да көзделген. Инфрақұрылым жүйесі толық аяқталған 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаланың барлық негізгі көшелерін жарықтандыру жүйесімен қамту көзделуде.
Более 700 семей в Туркестане станут новосёлами до конца года
Аким Туркестанской области Умирзак Шукеев в ходе очередного объезда по областному центру осмотрел строительство многоэтажных жилых домов передает пресс-служба акима Туркестанской области.
В ходе встречи со строителями глава региона поручил прежде всего уделять внимание качеству возводимых объектов, а также завершить работу в соответствии с установленным графиком.
В Туркестане в прошлом году количество граждан в очереди на жилье превысило 12 тыс. человек. Поэтому принято решение увеличить количество нового социального жилья. В конце прошлого года 440 очередников получили квартиры. Ещё 534 оформили недвижимость в кредит.
Кроме того, уже построили 7 жилых домов. 336 квартир сдали в эксплуатацию через «Отбасы банк». На сегодняшний день в административно-деловом центре строят 77 жилых домов. До конца текущего года планируется передать новоселам 730 квартир.
Вместе с тем, по городу до конца года реконструируют фасады 46 многоэтажных жилых домов. В духовной столице уже закончили масштабные работы по освещению и капремонту автотрасс. В частности, в областном центре отремонтировано 10 км дорог, освещено 140 улиц протяженностью 200 км. Заасфальтировали 100 км, на 81 улицах проложили тротуары. В соответствии с Генеральным планом Туркестана предусмотрена прокладка водопровода и газопроводов к улицам без асфальтового покрытия, а также укладка щебня и строительство пешеходных дорожек. Уже идёт средний ремонт 21 улицы, где полностью подвели инфраструктуру. Более того, планируется установить опоры освещения на всех основных городских улицах.