Шұғыл жиналыс өтті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Сыбайлас жемқорлықпен күресте  бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қоюды  қарастырып дамыту  керек. Сонымен қатар, қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мәдениетін және білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру маңызды.    

1424 Сall-орталығына Түркістан қаласында орналасқан жоғары медициналық колледжінің ұстаздарының бірі, жазғы сессиядан өте алмаған студенттен заңсыз ақша қаражатын сұрап жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Аталған хабарлама негізінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Г.Төлегенқызы, «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Н.Абуова, колледж директоры Ғ.Бимурзаев, тәрбие, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен ұстаздар қатысқан шұғыл жиналыс өтті.

Жиын барысында сөз алған Гүлмира Төлегенқызы жаңа оқу жылының басталуымен облыстағы үздіктер қатарындағы оқу орнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алып жатыр деген ақпараттың түсуі әрине өкінішті, болашақ үшін қауіпті дерт. Бұл құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сондай-ақ, жедел түрде ақша жинау мәселелерін тоқтату, жемқорлық көріністеріне жол бермеу, ақша жинауды ұйымдастырған тұлғаларды анықтап, тиісті шара көру ұсынылды.

Колледж директоры Ғ.Бимурзаев колледжде жүйелі түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстары жүргізілетінін, жиналыста айтылғандар мән-жайлар басты назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Білім беру ұйымдарында ақша жинау фактілеріне кездесіп, куә болып жатсаңыздар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің 1424 Call-орталығына хабарлауыңызды сұраймыз.

Хабарыңыз назардан тыс қалмайды!