Қала әкімі Г.Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласына қарасты елді мекендерде жеке тұрғын үйлердің құжаттарын рәсімдеу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Арыс қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, жер қатынастары бөлімі және жер кадастр мекемесінің мамандары қаламызға қарасты 6 ауылдық округ тұрғындарына жеке тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі