Шымкент тұрғыны 200 адамға той жасаған Авторы polisia.kz 6 Ақпан 2021 ж., 19:38 жарияланған 6 Шымкенттік полицейлер мейрамханада өтіп жатқан 200 адамдық тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында орналасқан барлық әлеуметтік нысандардың тарапынан карантин талаптарының сақталуын бақылау және басқа да құқық бұзушылық деректерінің жолын кесу бойынша рейдтік шараларды жүйелі түрде өткізіп отырады. Мысалы, 2021 жылдың 6 ақпанында Абай ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара өткізу барысында “Мұса” тойханасында той өткізіліп жатқанын анықтаған. Полицейлер мерекелік іс-шараны тоқтатып, тойға келген 200-ге жуық адамды үйіне қайтарды. Тойхана иесін карантин режимін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) сәйкес жинақталған материалдар Абай ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Тәртіп сақшылары карантин талаптарын бұзудың кез-келген жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын ескертеді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/shymkenttik-turghyn-200-adamdyq-toj-zhasaghan/
Полицейские остановили проведение свадьбы
Шымкент: полицейские остановили проведение свадьбы
В целях недопущения распространения коронавирусной инфекции среди населения в соответствии с Постановлением Главного государственного санитарного врача города Шымкента в целях контроля за соблюдением карантинного режима на постоянной основе продолжаются рейдовые мероприятия.
Например, 6 февраля 2021 года участковыми инспекторами полиции Абайского РУП в ходе проведения профилактического мероприятия во время карантина в тойхане «Муса» выявили факт проведение свадьбы, на котором присутствовало свыше 200 человек.
Полицейские остановили праздничное мероприятие и попросили гостей покинуть здание. Собранные документы направлены в Управление контроля качества и безопасности товаров и услуг Абайского района для принятия мер по части 1 статьи 425 КоАП РК в отношении владельца тойханы за нарушение требований карантинного ограничения.
Стражи порядка предупреждают, что любое нарушение карантинных требований влечет административную ответственность.
Пресс-служба Департамента полиции города Шымкент
Құрметпен,
Шымкент қаласының ПД