Орталықта «30 жылдың 30 жетістігі» атты іс-шара өтті

2021 жылғы 2 желтоқсан күні Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-де орталықтың әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «30 жылдың 30 жетістігі» атты іс-шарасын өткізді.Іс-шаран жүргізушілердің әсем сөздерімен бастау алып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен ашылды.Жалғасы оқушылар мен тәрбиешілер дайындаған «30 жылдың 30 жетістігі» тақырыбында өлең-тақпақтарын айтып, көріністер жасап, әрі қарай арнайы дайындалған ролик көрсетілді.Орталықтың директоры Винера Шыңғысқызы Нұржанова алғы сөз сөйлеп, алғашқы құттықтау сөзді «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановқа берді.С.Әуесханов өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің жеткен жетістіктеріне және оған кәсіподақтардың қосып жатқан өзіндік үлестеріне, сондай-ақ Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ ұжымы мүшелерінің қосып жатқан үлестеріне ерекше тоқталып өтіп, кәсіподақ белсенділеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградалары табыстады.Атап айтқанда, орталықтың директоры Винера Шыңғысқызы Нұржанованы филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен, орталықтың экономисті Мәншүк Ұлықбекқызы Ібінованы филиалдың «Құрмет грамотасымен» және орталықтың қарауылы Тоқтар Бекаділұлы Назарбековты филиалдың «Алғыс хатымен» марапаттады.Сонымен бірге осы мерекеге орай, қандастарымызға кәсіпкерлерден арнайы сыйлықтар табысталды.Аталған іс-шараға Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Көші-қон және қандастармен жұмыс» бөлімінің маманы Малика Асхатқызы Мақсат, «Ізгілік қайырымдылық қоры» басшысының орынбасары Алтынбек Боранбеков және Шымкент қаласының Кәсіпкерлері қатысты.Іс-шараның соңы көркем өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Шымкент қаласының Кәсіподақтар орталығы