Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 16 сәуірде сағат 18.10_да тұрғындардан сұраныс келіп түсті.
Байтурсынов көшесі бойындағы 89_ үй шатырының 4 ш/м бөлігі желдің салдарынан салбырап тұрғаны анықталды.
Құтқарушылар оқиға орнына барып, салбырап тұрған шатырдың бөлігін альпинистік арқан көмегімен жерге түсірді.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы