«Жасыл ел» жоба аясында 1500 жас уақытша жұмыспен қамтылды

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызы айтты.

Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бағытында волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға және дамытуға бағытталған «Birgemiz»; «Bilim», «Менің жасыл қалам», «Birgemiz: Asylmura», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Барыңмен бөліс» жобалары аясында оңалту орталықтарына және бейімдеу орталықтарына, қарттар үйлеріне, әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған тұрмысы төмен отбасыларға көмектер көрсетіліп тазалық жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде қала бойынша волонтерлік бағытта 261 іс-шара ұйымдастырылып, 20 000 астам жас волонтерлер қамтылған. Бұдан бөлек, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, «Жасыл ел» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 1500 жас уақытша жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, жастардың әскери-патриоттық рухын қалыптастыру бағытында «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы, «Отаныма қызмет етемін!», «Отанды қорғау – қастерлі міндет!» атты іс-шаралар өткізіліп, оған 8596 жас қамтылды. «Жас сарбаз» оқушы жастарға 2 күндік әскери патриоттық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, шамамен 500-ге жуық оқушы жастар қамтылды.

Қазіргі таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселенің бірі ол жастар арасындағы есірткі және психотропты заттардың белең алуы.

Аталған жағдай бойынша, Басқарма тарапынан нашақорлықтың маскүнемдіктің зияндығын насихаттау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Сондай-ақ, «Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», «Көше» атты тақырыптарда кең ауқымды кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түңгі уақытта жүруі бойынша 14 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. жұмыстары жүргізілді.