Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қ.С.Дәлбековтің нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласы аумағында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу. Сондай-ақ, қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, заңсыз көші-қонның жолын кесу болып табылады.
Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында орналасқан 1630 пәтер мен жеке тұрғын үйлерді аралады. Оның ішінде жалға берілетін пәтерлер тексеріліп, онда тұрып жатқан 378 азаматтың тіркеусіз тұрып жатқаны анықталды.
Бұған қоса 964 қару иесі тексеріліп, қаруды тіркеу және сақтау тәртібін бұзғаны үшін 24 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз тіркелмеген 1 қару тәркіленіп алынды.
Көші-қон заңнамасын бұзған 87 шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
Аудандық полиция басқармалары мен учакелік полиция пункттеріне барлығы 446 тұлға жеткізіліп, қол саусақ іздері алынды.
Айта кетейік, миллионды қала – Шымкентте қарашаның он бесі күнінен басталған «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 18-қарашаға дейін жалғасады.
Сонымен қатар Әл-Фараби АПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Пәтер» профилактикалық іс-шарасын қарқынды өткізіп жатыр.
Шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу. Сондай-ақ, қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, заңсыз көші-қонның жолын кесу болып табылады.
Кезекті рейд кезінде Өзбекстан Республикасының азаматтары қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тиісті рұқсаттарды алмай елге келіп, жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Осыған байланысты көші-қон заңнамасын бұзған 30 шетел азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, қабылдап-тарату орталығына жеке бастарын анықтау мақсатында 40 тұлға жеткізілді.