Шымкент қаласы Полиция департаментінің ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында, қалада рұқсатсыз автобус айдаған жүргізушіні анықтады.Полиция қызметкерлері күдік тудырған автобусты тоқтатып, тиісті санаты болмай айдап жүргені белгілі болған. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігін түсіндірді.Нәтижесінде жүргізуші жол жүру ережесін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды.Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары жолда мұқият болуларыңызды және жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі