“Денсаулық” пойызы Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты Игілік алабындағы станциясына келіп тоқтады.
Шараға Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Б.Абдуллаев, Абай аудан әкімдігі мен қалалық әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері қатысты.
“Денсаулық” пойызы жергілікті тұрғындарға 15-қарашадан бастап медициналық көмек көрсетуде. Тұрғындар терапевт, кардиолог, невропатолог, офтальмолог, стоматолог және басқа да білікті дәрігерлерден кеңес алып, ем қабылдауда. Вагондар барлық қажетті медициналық техникамен жабдықталған.
Айта кетейік, бұл жоба«Самұрық-Қазына» АҚ мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет жобаға биылдан бастап кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылып, олар тұрғындардың әртүрлі топтарына тегін медиация (татуласу көмегі) және заңгерлік көмек, тараптарға мәселелерді шешуде тегін әлеуметтік көмек көрсетіледі, даулар мен жанжалдар сотқа дейін және сотта медиация (татуласу) тәртібімен және оларды одан әрі жан-жақты қамтамасыз ету, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алуға құқықтары, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселелері бойынша тегін кеңестер көрсетіледі, төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістер туралы ақпарат назарына ұсынылатын болады.
Бұл жобада кез келген азамат барлық мәселелерге қатысты құқықтық, психологиялық және медиативтік ең үздік кәсіби заңгерлерден, психологтардан, медиаторлардан тегін және толық көлемде қажетті көмек пен кеңес алалады. Оның ішіндегі азаматтық, жер, тұрғын үй, еңбек, банк, салық, отбасы-неке және басқа да көптеген мәселелер бойынша кеңестер көрсетіледі.
Жоба аясында әлеуметтік жағынан мұктаж топтарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді, олар жалғызбасты аналар, көп балалы аналар, мүгедек және ауыр дертке шалдыққан балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, жұмыссыз жастар, мүгедек әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, ажырасқандар және басқаларға медиация келісімін жасасуға және қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға өз мәселелерін және шешу жолдарына көмек беріледі.