Дөңгелек үстел форматында кездесу өтті

Қазіргі біздің қоғамдағы  өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі  шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Тап осы мақсатпен бүгін  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлымен және Шымкент қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеевпен №45,1 , 7,8,9,19, 17,47 мектептердегі өзін-өзі басқару президенттерімен дөңгелек үстел форматында кездесу өтті.

Бұл кездесуге №45 мектеп-гимназиясының Президенті Бекжан Талшолпан мен дебат қозғалысының көшбасшысы, «Адал ұрпақ» мектепішілік клубының мүшесі Байданова Ангелина қатысты. Кездесудің басты мақсаты жастардың бойында парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады. Іс-шара еркін форматта өтті, кездесуге қатысушылар адал жолмен табысқа жету бойынша өз ойларымен бөлісті.