34 жастағы алаяқтықтың құрбаны болған Тараз, Түркістан облысы және Шымкенттің 53 тұрғыны.
Арам пиғылды азаматша оларды электроника дүкендерінің бірінің филиалдарынан тауарлық несие алуға көндірген. Қарызды төлемеуге болатынын жеткізген ол, бұл сауда нүктелері жақын арада жұмысын тоқтатып, толығымен жабылады деп сендірген. Несиеге рәсімделген электрониканы аферист әйел құрбандарынан жарты сомасына сатып алып отырған.
Алаяққа ұрынғанын сенгіш азаматтар ай сайынғы төлем туралы ескерту-хабарлама түскен кезде бір-ақ білген.
Жайт бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
Ұсталған азаматшаның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинап, тергеушілер қылмыстық істі сотқа жіберді.
Сот үкімімен оған 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Полиция қызметкерлері ескертеді: ұқсас алдау фактілерін болдырмау үшін күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеңіз, оларға ақша қаражаты мен жеке деректеріңізді бермеңіз. Егер сіз алаяқтыққа тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Шымкент қаласының ПД