Шымкентте үшем дүниеге келді

үшем

Қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентхана дәрігерлер мерзімінен бұрын туылған сәбилерді күтіп-баптап бүгін үйге шығарып салды. Наргиза Әшірметованы дәрігерлер 2 ақпанда кесір тілігі арқылы босандырып алған.

31 жастағы қала тұрғынының бұл төртінші рет құрсақ көтеруі. Үшемге жүкті екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген. Айы-күні толмай 33 аптада туылған сәбилер өкпесі жетілмегендіктен жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бақылауда болған нәрестелер 2-келіден аса салмақ қосқан.Үшемді ата анасы Атамбай, Мұса, Муслим деп атады.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 4911 сәби дүниеге келген. Оның 2493-і ұл болса, 2418-і қыз. Егіздердің саны 50-ге жетіп, екі үшем туылған.