Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсетілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының маңызды құрамдас бөлігі жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады.
Бұл институт мемлекеттік органдардың ұйымдық-басқару қызметіндегі және олар шығаратын құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жоюдың нақты тетігіне айналды. Бұл туралы «Аntikor ortalyǵy» алаңында жергілікті атқарушы органдардың заңгерлері мен комплаенс-офицерлермен өткен түсіндірме жұмыстары барысында хабарланды.
Аталған шараны ұйымдастырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (ҮББ-4) үлгілік базалық бағытын іске асыру бойынша міндеттердің бірі болып белгіленгендігін хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік мекемелермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қолға алынған. Ал бүгінгі кездесу сол талдаулардың сапалы өтуін қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде.
Түсіндірме жұмысы барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, барлық салаларда кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері түсіндірілді. Талдау анықтамасын жасау кезінде жіберілетін кемшіліктер айтылып, оларды болдырмау жолдары мен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында қоғам белсенділерін тарту қарастырылды.
Сонымен қатар, мекемедегі жемқорлықтың алдын алудағы комплаенс-қызметтерінің маңыздылығы түсіндіріліп, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру ұсынылды.
Іс-шараға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алып, өткен шараға қатысты өз ойларын білдірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті