Құрметті Президенттік жастар кадр резервіне қатысушы үміткерлер!
Ағымдағы жылдың 2-қазан күні «Қабілеттерді тестілеу» кезеңі басталады.
Сіздерден негізгі тестті тапсыру кезінде техникалық қиындықтар болмас үшін ТЕСТІЛЕУДІҢ СЫНАҚ НҰСҚАСЫНАН АЛДЫН АЛА ӨТУЛЕРІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ!
Үміткер:
өзі пайдаланатын компьютердің техникалық мүмкіндіктеріне;
интернеттің жылдамдығына (секундына кемінде 5 мб болуы тиіс);
жеке басын сәйкестендіру мүмкіндігі үшін жұмыс істейтін веб-камераның болуы мен отырған бөлмесінде жарық сапасының жақсы болуына;
микрофон дыбысының жеткілікті деңгейде болуына және бөгде дыбыстардың/шулардың болмауына толықтай өзі жауапты.
ЕСКЕРТЕМІЗБраузердің (сайттың) терезесі жиырылған немесе жабылған жағдайда – «Тестілеу» кезеңі автоматты түрде аяқталады.
Тестілеуден өту кезінде үміткерлерге отырған орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөз жүргізуге тыйым салынады.
Атап өтетін болсақ, 30-қыркүйек Президенттік жастар кадр резервіне тіркелудің соңғы күні болды.
Шымкент қаласынан 688 үміткер бағын сынайды. Баршаңызға сәттілік тілейміз
ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті