Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу

Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі тетіктерінің бірі болып саналады. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына елеулі бюджет қаражаты бөлінеді. Қазіргі уақытта пандемия жағдайына байланысты денсаулық сақтау саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі ретінде танылды. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек.  

Бүгін Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент «№4 қалалық емхана» МКК қызметкерлерімен кездесу өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова кездесу барысында еліміздегі денсаулық сақтау саласының сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беруге бейім екендігі ескеріліп, оның алдын алу, азаматтар мен емделушілер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.

Сонымен қатар  осы жобаның аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққтың алдын алу, түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Шымкент — Цирк» МКҚК мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Кездесуде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша түсіндірме жұмысы,жемқорлық жайты орын алған кездегі  жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік жайлы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова айтып берді.

Ал мекеме қызметкерлері өздерін қызықтыратын және мазалайтын сауалдарды қойып, жауап ала алды.